"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Танымдық-интеллектуалдық сайыс «Тарих және жаһандық құзыреттер»

23.01.2026

Бүгін А.К. Есбосынованың ұйымдастыруымен пәндер апталығы аясында «Тарих және жаһандық құзыреттер» тақырыбында танымдық-интеллектуалдық жарыс өткізілді.

Жарысқа 10–11 сынып оқушыларынан құралған 4 команда қатысып, өзара білім мен тапқырлықтарын сынады. Сайыс барысында оқушыларға тарих, география, қазіргі әлемдік үрдістер, жаһандық мәселелер, логикалық ойлау және жалпы танымдық бағыттағы түрлі сұрақтар қойылды. Қатысушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша Елемес Темірланның командасы І орынды, Шайзада Ұлзияның командасы ІІ орынды, Хамит Бекжанның командасы ІІІ орынды иеленді. Махмут Мирастың командасы жарысты соңғы орынмен аяқтады.

Жарыс қызықты әрі тартысты жағдайда өтіп, оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыруға, командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға және ой-өрісін кеңейтуге ықпал етті.

Просмотров: 225


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст