Текст
23.01.2026
Тарих пәнінің мұғалімі А.А. Тузелованың ұйымдастыруымен 5–6 сынып оқушыларына арналған мектеп музейіне танымдық саяхат өткізілді.
Саяхат барысында оқушылар музейде сақталған түрлі тарихи жәдігерлермен танысты. Экскурсияны 10 «А» сынып оқушысы Төленді Ақбота жүргізіп, жәдігерлердің шығу тарихы мен маңызы туралы мазмұнды ақпарат берді.
Іс-шара оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттыруға, ұлттық мұраға құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталды.