Текст
21.01.2026
Бүгін тарих пәнінің мұғалімі А.А. Тузелова 9 «А» сыныбында
«Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында Желтоқсан оқиғасының тарихи алғышарттары, негізгі кезеңдері мен тарихи маңызы жан-жақты қарастырылды. Білім алушылар тарихи деректермен жұмыс жасап, оқиғаның себептері мен салдарын талдап, өз ойларын дәлелді түрде жеткізе білді.
Ашық сабақ оқу мақсаттарына сай ұйымдастырылып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталды.