Текст
21.01.2026
Бүгін 8 «А» сыныбында «Жаһандық құзыреттер» пәні бойынша «Отбасы кірістері мен отбасылық шығындар. Отбасы қорын жинақтау түрлері» тақырыбында А.К.Есбосынова ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында білім алушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмалар орындалып, отбасы кірістері мен шығындарының түрлері, оларды тиімді жоспарлау және жинақтаудың маңызы жан-жақты қарастырылды. Оқушылар практикалық тапсырмалар арқылы өз ойларын еркін жеткізіп, қаржылық шешім қабылдау дағдыларын көрсете білді.