"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8–11 сынып оқушыларының мектеп түлегімен мотивациялық кездесуі

13.01.2026

Бүгін жаһандық құзыреттер пәнінің мұғалімі А.К. Есбосынованың ұйымдастыруымен 8–11 сынып оқушылары арасында мектеп түлегі, мемлекеттік грант иегері Мұратқызы Дианамен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында оқушыларға мемлекеттік грантқа дайындық жолдары, мектеп бағдарламасы аясында жүйелі түрде білім алудың маңыздылығы туралы түсіндірілді. Сонымен қатар жоғары нәтижеге тек күнделікті еңбек пен жауапкершілік арқылы қол жеткізуге болатыны атап өтілді.

Іс-шара аясында тиімді күн тәртібін құру және оны сақтау, оқу мен демалысты дұрыс үйлестіру, сондай-ақ қазіргі қоғамда бірнеше тілді меңгерудің қажеттілігі жөнінде нақты жауаптар мен ұсыныстар берілді.

Аталған кездесу оқушылардың оқу мотивациясын арттыруға, болашақ мамандықты саналы таңдауға және ҰБТ-ға дайындық бағытында пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік берді.

Просмотров: 302


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст