"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тарих және жаһандық құзыреттер онкүндігінің салтанатты ашылуы

12.01.2026

Бүгін мектепте Тарих және жаһандық құзыреттер онкүндігі салтанатты түрде ашылды.

Ашылу рәсімінде Айнаш Куанышовна мен Салтанат Еркебаевна онкүндік аясында жоспарланған іс-шаралардың жұмыс жоспарымен таныстырып, оның білім беру үдерісіндегі маңыздылығына тоқталды.

Іс-шараның көркін Айнур Алимбаеваның ұйымдастыруымен мектептің домбыра тартатын оқушылар құрамы орындаған Құрманғазының «Балбырауын» күйі аша түсті. Сонымен қатар үлкен үзіліс кезінде 4 «А» сынып оқушысы Қосшыбай Ибраһим «Отаным менің» әнін орындап, оқушылар мен педагогтерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Онкүндік аясында Айнур Алимбаевна мен Айнаш Куанышовна үзілістерде тарихи сұрақтар қойып, оқушылардың білімін шыңдауға бағытталған танымдық жұмыстар жүргізді.

Онкүндіктің ашылу салтанаты мазмұнды әрі әсерлі өтіп, қатысушыларға рухани серпіліс берді.

Просмотров: 311


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст