Текст
18.12.2025
Мектепте психология онкүндігі басталды. Онкүндік аясында мектеп психологі Л.К. Джусупова оқушылар үшін көңілді әрі сергітуге бағытталған үзілістер ұйымдастыруда. Аталған іс-шаралардың мақсаты – оқушылардың эмоционалдық жай-күйін тұрақтандыру, психологиялық қолайлы орта қалыптастыру және оқу үдерісіне деген қызығушылығын арттыру.
Көңілді үзілістер барысында түрлі психологиялық ойындар, жаттығулар мен сергіту сәттері өткізіліп, оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті мен өзара түсіністігі дамытылуда. Оқушылар психология онкүндігі аясындағы іс-шараларға белсенді қатысып, жағымды әсер алуда.
Өткізілген іс-шаралар мектепте қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға және оқушылардың психологиялық саулығын нығайтуға оң ықпал етуде.
