"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Химия және биология пәндері бойынша ойындар, ребустар және шарадалар

11.12.2025

Декада аясында химия және биология пәндері бойынша ойындар, ребустар және шарадалар ұйымдастырылды. Іс-шараны химия және биология пәнінің мұғалімі А.А. Паршакова өткізді.

Шараның мақсаты — оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және білімдерін ойын арқылы бекіту. Оқушылар тапсырмаларды белсенді орындап, жоғары ынтамен қатысты.

Сонымен қатар декада аясында химия пәні бойынша ойындар ұйымдастырылды. Іс-шараны химия пәнінің мұғалімі Б.М. Қуанышбаева өткізді. Шара оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға және білімдерін ойын арқылы бекітуге бағытталды.

Декада аясында 7 «А» сыныбында «Металдар» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараны химия пәнінің мұғалімі Б.М. Қуанышбаева ұйымдастырып, жүргізді.

Шара барысында оқушылар металдардың қасиеттері, түрлері, қолданылуы туралы білімдерін кеңейтіп, тәжірибелік тапсырмалар орындады. Сонымен қатар қызықты сұрақтар, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты.

Просмотров: 179


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст