03.12.2025
Декада аясында биология пәнінің мұғалімі 8-сыныпта «Жүрек-қантамыр аурулары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта білім алушылардың қызығушылығын арттыру және заманауи оқыту тәсілдерін тиімді қолдану мақсатында жасанды интеллект құралдары кеңінен пайдаланылды.
Сабақ барысында теория мен практиканы ұштастыру мақсатында 11-сынып оқушысы Неринг Эвелина дәрігер рөлін сомдап, оқушыларға қан қысымын өлшеу бойынша тәжірибелік жұмыс жүргізді. Білім алушылар медициналық құралдарды қолдану арқылы өзара қан қысымын өлшеп, жүрек-қантамыр жүйесіне қатысты білімдерін практика жүзінде бекітті.
Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, өмірлік дағдыларын қалыптастыруға және теориялық білімдерін тәжірибемен байланыстыруға зор ықпал етті.