Текст
02.12.2025
Онкүндік іс-шаралар жоспарына сәйкес мектепте «Макеттер жасау» байқауы өткізілуде. Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, техникалық ойлауын жетілдіру және жобалық жұмысқа қызығушылығын арттыру. Сайысқа оқушылар белсене қатысып, өздерінің тың идеялары мен шеберліктерін көрсетуде. Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар марапатталатын болады.