Текст
14.11.2025
12-қараша күні мектебімізде ерекше көңіл күй сыйлаған «Тәтті жәрмеңке» өтті. Бұл шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, бірлік пен достық қарым-қатынасты нығайту, сонымен қатар еңбектің қадірін ұғындыру болды.
Жәрмеңкеде оқушылар мен ата-аналар өз қолдарымен әзірлеген түрлі тәтті тағамдар ұсынды. Үстелдер әсем безендіріліп, әрбір сынып өз бұрышын ерекше ықыласпен дайындады.
«Тәтті жәрмеңке» оқушылардың ұйымшылдығын, талғамын және эстетикалық мәдениетін арттырған тамаша іс-шара болды. Барлық қатысушылар өз еңбегінің жемісін бөлісіп, мейірім мен жылулыққа толы күн өткізді.