Текст
Жазғы мектеп лагері - бұл, бір жағынан, әртүрлі жастағы және даму деңгейіндегі балалардың бос уақытын ұйымдастырудың бір түрі, екінші жағынан, денсаулықты жақсартуға, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған кеңістік. Балалардың жазғы демалысын балалардың денсаулығын қалпына келтіруге, әр баланың жеке басының шығармашылық әлеуетін дамытуға және жас ұрпақты әлеуметтік-мәдени құндылықтармен таныстыру мақсатында Арайлы жалпы білім беретін мектепте жазғы лагерь ұйымдастырылды. Оған бастауыш сынып оқушыларынан барлығы 40 оқушы қатысуға ниет білдірді.