Текст
2025 жылдың 11 қарашасы күні 8–11 сынып қыздары арасында патриоттық рухты және батылдықты насихаттайтын «Мерген Ару» атты әскери-спорттық сайыс өткізілді. Сайыстың басты мақсаты – қыз балаларды ептілікке, мергендікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу, сондай-ақ олардың бойындағы батылдық пен табандылық қасиеттерін дамыту болды.
Сайыс барысында қатысушылар пневматикалық мылтықтан нысанаға атып, өздерінің ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсетті. Әрбір қатысушы белсенділік танытып, жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді.
Нәтижесінде ең жоғары ұпай жинаған 11 «Б» сынып оқушысы Неринг Эвелина үздік нәтиже көрсетіп, «Мерген Ару» атағын жеңіп алды.