Текст
11.11.2025
Эстетикалық пәндер онкүндігі шеңберінде ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында 5–6 сынып оқушылары арасында «Асық ату» атты қызықты ойын өткізілді. Бұл ойын – қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі спорттық ойыны, ол мергендікке, ептілікке және шапшаңдыққа баулиды. Ойын барысында оқушылар өздерінің шеберліктерін көрсетіп, дәлдік пен бір-біріне деген құрметін танытты. Әр сыныптан қатысқан ойыншылар үлкен ынтамен қатысты, ал ойын алаңында көтеріңкі көңіл-күй орнады. Көрермендер де қатысушыларды жігерлендіріп, ұлттық ойынның рухын сезіне алды.