Текст
31.10.2025
Күзгі каникул кезеңінде оқушылардың пәндер бойынша оқу үлгерімін арттыру және қиындықтарды жою мақсатында қосымша сабақтар ұйымдастырылды. Бұл сабақтарға 6, 7, 8 «а» сынып оқушылары математика, биология, тарих және қазақ тілі пәндері бойынша қатысты. Жалпы алғанда, оқушылардың қосымша сабақтарға қатысу белсенділігі төмен болды. Осыған байланысты оқушыларға ескерту: каникул уақытын тиімді пайдалануды үйрену қажет. Әр оқушы өз күн тәртібін дұрыс жоспарлап, бос уақытын пайдалы істерге арнап, білімін жетілдірудің тиімді формаларын таңдауы тиіс.
