"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп парламенті Президентін сайлау қорытындысы

21.10.2025

Мектебімізде мектеп парламентінің Президентін сайлау өтті. Сайлауға 5–11-сынып оқушылары қатысты. Барлығы 265 сайлаушы дауыс берді.

Президент лауазымына төмендегі үміткерлер өз кандидатураларын ұсынды:

  1. Рыков Давид, 9 «Б» сынып — 66 дауыс

  2. Искак Салтанат, 8 «А» сынып — 68 дауыс

  3. Дарынқызы Айару, 8 «А» сынып — 43 дауыс

  4. Стариненко Нелли, 10 «Б» сынып — 37 дауыс

  5. Санғалиева Аружан, 10 «Б» сынып — 35 дауыс

  6. Байжанов Бекболат, 10 «Б» сынып — 16 дауыс

Дауыс беру демократиялық, ашық әрі достық атмосферада өтті. Әр оқушы кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларымен танысып, өз таңдауын жасырын дауыс беру арқылы білдіру мүмкіндігіне ие болды.

Дауыс санау нәтижесі бойынша ең көп — 68 дауыс жинаған Искак Салтанат, 8 «А» сынып оқушысы,
мектеп парламентінің Президенті болып сайланды.

Сайлау жоғары деңгейде, әділ және демократиялық қағидаттарға сай ұйымдастырылды.

Просмотров: 273


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст