20.10.2025
Ауыл мектептері оқушыларына арналған «Ауыл олимпиадасы» — білім мен шығармашылықты ұштастыратын республикалық жобалардың бірі. Олимпиаданың басты мақсаты – ауылдық жерлердегі талантты оқушыларды анықтау, олардың пәндік білімін тереңдету және олимпиадалық қозғалысқа тарту.
Осы олимпиаданың аудандық кезеңінде өз білімі мен қабілетін жоғары деңгейде көрсеткен Тұрсын Адильхан информатика пәні бойынша ерекше нәтиже көрсетіп, Ауыл олимпиадасының екінші (облыстық) кезеңіне жолдама алды.
Оқушының жетекшісі – информатика пәнінің мұғалімі К.А. Жұмадильдин, ол шәкіртін олимпиадаға жүйелі дайындап, пәнге қызығушылығын арттыру бағытында нәтижелі жұмыс жүргізіп келеді.
Бұл жетістік – ауыл мектебі оқушыларының білімге деген құштарлығы мен ұстаз еңбегінің жемісі.