"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұлттық диктант» жобасына қатыстық

15.10.2025

«Ұлттық диктант» – мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастырумен қатар, әр азаматқа тілге деген құрмет пен азаматтық жауапкершіліктің маңызын ұғындыратын мәдени-ағартушылық бастама. Бұл жоба сауатты жазудың тек білім көрсеткіші емес, сонымен қатар мәдениет пен ұлттық сана деңгейінің айқын көрінісі екенін дәлелдейді.

Диктант нәтижесінде үздік жазған оқушылардың жұмыстары іріктеліп, олардың еңбектері көпшілік назарына ұсынылған арнайы стенд жасалды. Бұл стенд – оқушылардың тілді құрметтеу мен сауатты жазуға деген ынтасын арттыруға бағытталған тамаша мотивациялық алаңға айналды. Мектеп директоры М.Д. Нұрғалиева да үлгі көрсетіп, https://dictant.til.kz/ сайты арқылы онлайн диктант жазуға қатысып, барша ұжымға зор мотивация болды.

Мектепте барлығы 8-11 сыныпта  132 оқушының 124 оқушыcы диктант жазды. Сонымен қатар, 49  педагог  және 4 қызметкер қатысты.

 

   

Просмотров: 312


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст