Текст
10.10.2025
"Қазақ тілі мен әдебиеті" апталығы аясында 09 қазан күні 7 «А» сыныбында «Абай – дана, Абай – дара қазақта» тақырыбында әдеби кеш өтті. Кештің мақсаты – ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын терең таныту, Абайдың адамгершілік пен білімге шақырған өсиеттерін оқушылардың бойына сіңіру болды. Оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның нақыл сөздерін талдап, шығармашылығына деген қызығушылықтарын көрсетті. Әдеби кеш барысында Абайдың ұлағатты ойлары мен өнегелі өмірі арқылы оқушылар ұлттық рух пен тілге деген құрметтің маңызын сезінді.