Текст
10.10.2025
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында мектеп дәліздері ерекше көңіл күйге бөленді. Күнделікті сабақ арасындағы «Көңілді үзіліс» оқушылар үшін нағыз шаттық пен сергітудің ортасына айналды. Үзіліс кезінде ұйымдастырылған қызықты ойындар мен ұлттық эстафеталар оқушылардың белсенділігін арттырып, достық пен ынтымақтастық рухын нығайтты. «Асық ату», «Арқан тарту», «Бір мақал - бір бауырсақ» сияқты ойындар арқылы балалар өздерінің ептілігін, тапқырлығын және тіл байлығын көрсетті. Осындай шаралар арқылы мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілік пен ұлттық рух айқын көрініс тапты.