2025 жылдың 24 сәуірінде «Біз басқашамыз» тақырыбында ата-аналар жиналысы, сынып сағаттары өткізілді. Студенттермен 2 сәуір - Бүкіләлемдік аутизм туралы хабардар болу күні туралы әңгімелесу өтті, Бұл күнді БҰҰ 2007 жылы аутизмге 💙🧩 шалдыққан адамдардың проблемаларына назар аудару мақсатында құрды. Осы уақыттан бастап осы бұзылыс туралы хабардар болуды арттыруға бағытталған іс-шаралар жүргізілді. Бұл күні әлемнің барлық елдерінде аутизмнің таралуына, оның ерте диагностикасы мен аутизмге шалдыққан балаларды әлеуметтендіруге ерте көмек көрсетуіне назар аударуға бағытталған түрлі білім беру іс-шаралары өткізіледі. Оқушылар мен ата-аналардың аутизмге шалдыққан балаларға деген жағымды көзқарастарын қалыптастыру, аутизмге шалдыққан адамдарға жанашырлық сезімін қалыптастыру және толеранттылық таныту мақсатында Гульназар Максутовна ата-аналар мен балаларды аутизм ұғымымен таныстырды. Аутист адамдар әлемді бізге қарағанда басқаша көреді. Аутист адамның көзімен Әлем бейнеклипін көрсетілді.