Текст
2025 жылдың 21 сәуірінде Арайлы ауылының орта мектебінде аутизм туралы бүкіләлемдік ақпараттандыру күніне орай мектептің дефектологы Г.М. Жалелова аутизм проблемасы туралы жадынамалар таратты. Іс-шараның мақсаты – емделмейтін ауруға шалдыққан адамдарға көмек көрсету және олардың өмір сүру деңгейін арттыру қажеттігіне баса назар аудару. Әлемнің барлық өңірлерінде аутизмге шалдыққан балалардың саны артуда, олардың отбасыларына көмек керек екенін анық. Аутизм - әлеуметтік байланыс пен қарым-қатынастағы тапшылықпен, мүдделерінің шектеулілігімен және сол сияқты, қайталанатын әрекеттермен сипатталатын ми дамуындағы бұзылыстар нәтижесінде пайда болатын психикалық бұзылыс. Бұл ауру үш жасында көрінеді.