2025 жылғы наурыз айының 5-інде «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі әдістемелік кабинеті» КММ сараптама кеңесінің отырысы өткізілді. Отырыста екі педагог өздерінің авторлық әзірлемелерін таныстырып, білім беру үдерісінде жаңа әдістемелік тәсілдерді ұсынды.
Қатысушылар:
Есбосынова А.К. – Жаһандық құзыреттер курсының педагогі. А.К. Есбосынова өзінің авторлық әзірлемесін «Планетаның болашағы: жаһандық құзыреттер туралы оқушылардың идеялары» тақырыбында ұсынды. Оқыту барысында ол жаһандық құзыреттердің маңыздылығын түсіндіре отырып, оқушылардың әлемдегі өз орнын табуға, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге қалай дайын болатынын ашып көрсетті. Бұл курс оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытады және оларды болашақтың нақты мәселелерімен таныстырып, олардың жаһандық мәселелерге деген жауапкершілігін арттырады. А.К. Есбосынова оқушылардың тақырыпқа қатысты шығармашылық идеяларын тыңдай отырып, олардың жаһандық құзыреттер бойынша білімін тереңдетуді мақсат етеді.
А.В. Ирубаева – Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. А.В. Ирубаева өзінің авторлық әзірлемесін «Тілдік дағдыларды дамытуда мәтінмен жұмыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында ұсынды. Ол қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға арналған жаңа әдіс-тәсілдермен бөлісті. А.В. Ирубаева мәтінмен жұмыс жасау кезінде оқушылардың сөздік қорын, грамматикалық білімін тереңдету, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді ұсынды. Мәтінмен жұмыс істегенде, оның құрылымы мен мазмұнын түсіну, шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту басты назарда болды. Сонымен қатар, мұғалім мәтіннің мазмұны арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, тілдік шығармашылықты жетілдіруге бағытталған жұмыстарды тиімді ұйымдастыру жолдарын көрсетті.