Текст
2025 жылы "Атамұра" ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған "Бояулар құпиясы" атты байқауында 1 "Б" сынып оқушысы Бауташ Төрехан Кенжебайұлы белсенді қатысып, байқаудың Гран-приді ұтып алды. Осы байқауға қатысу барысында Бауташтың өнері мен шығармашылығы жоғары бағаланып, ең үздік нәтиже көрсеткені үшін оған Гран-придің арнайы сыйлығы табыс етілді. Бауташ Төреханның жетістігімен қоса, оның жетекшісі мен ата-анасы да байқаудың ұйымдастырушыларынан алғыс хаттармен марапатталды. Бұл марапаттар баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қолдаудағы ұстазы мен отбасының үлесін атап өтті.