Текст
Бүгін жаһандық құзыреттер курсының мұғалімі Есбосынова А.К. "Құтқару қызметі. Абайлаңыз, күдікті заттар!" тақырыбы аясында 6-сынып оқушыларын Арайлы ауылында орналасқан өрт сөндіру қызметіне экскурсияға апарды. Экскурсия барысында балалар өрт сөндірушілердің жұмысымен танысып, олар қолданатын құрал-жабдықтарды көрді. Өрт сөндірушілердің қауіпті жағдайларда қалай әрекет ететінін және адамдарды құтқару үшін қандай шаралар қолданатынын түсінді. Сонымен қатар, балаларға өрт қауіпсіздігі туралы маңызды кеңестер беріліп, өз өмірлерін қорғау жолдары жайлы ақпарат ұсынылды. Бұл экскурсия оқушылардың өрт қауіпсіздігі жайлы білімдерін арттырып, өрт сөндіру қызметінің жұмысына деген қызығушылығын оятты.