2025 жылдың 28-ақпан күні “Целиноград ауданы білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-нің базасында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектеп психологтары арасында семинар өткізілді.
Аталған семинарда:
- Қараменды батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сатвалдинова Дамира Шайхисламовна және мектеп писхологі Берікбайқызы Жансая;
- Талапкер ауылы «IT мектеп – лицей» мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Сейсен Жансая Қанатқызы және мектеп психологі Муханбетжанова Асем Адаевна;
- Опан ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Амренова Шолпан Сериковна;
- Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі - Ирубаева Анастасия Валерьевна
өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың құрметті қонақтары - Целиноград ауданы білім бөлімінің тәрбие жұмысы бойынша әдіскерлері:
- Кабыкенова Айткуль Аманжоловна;
- Туребаев Алмас Сакенович
жүргізілген жұмысты бақылап, қорытындысын шығарды.