Текст
29 қаңтар күні директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары А.К.Есбосынова кезекті қосымша сабақтардың жүргізілуін бақылады. Биология, химия және тарих пәнінің мұғалімдері қосымша сабақтарды оқушылар үшін тиімді өткізді. Балалар жеке және топпен берілген тапсырмаларды орындады, көбіне қалыс қалған және түсінбеген тақырыптарды қайталау мақсатында мәнмәтіндік тапсырмаларды орындады.