Текст
Бүгін «Авторлық оқу бағдарламасы – педагогикалық құндылық пен жаңалықтардан хабардар ететін авторлық педагогикалық шығармашылықтың нәтижесі» тақырыбында мектепішілік семинар өткізілді. Оған төмендегі педагогтер өздерінің жазып отырған авторлық бағдарламаларымен таныстырды. Авторлық бағдарлама жазудағы қиындықтар, жетістіктермен бөлісті. Олар: физика пәнінің мұғалімі Поливина А.А., тарих пәнінің мұғалімі Капышова Э.Т., көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жуманбаева С.Т. және Ынтымақ ауылының жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Картбаева Г.О.