Бүгін Арайлы ауылының жалпы білім беретін мектебінде қауымдастықтағы мектептің жұмыс жоспары бойынша «Мектеп ішіндегі тәлімгерлік процесін енгізу моделі» тақырыбындағы вебинар өтті. Оған қауымдастық құрамындағы мектептердің мұғалімдері қатысты. Мектеп директоры М.Нургалиева вебинарды бастап берді. Директордың оқу - тәрбие ісінің орынбасары А.Есбосынова тәлімгерлікті жүргізу қағидаларына тоқталса, бастауыш сынып мұғалімі А.Танхай мен биология пәнінің мұғалімі А.Паршакова тәлімгер мен педагогтың атқарылған жұмыстарына тоқталды. Сонымен қатар Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асылбек Жұмабай педагогтердің сабақты талдау түрлері мен типтерін түсіндірді. Жалпы вебинар алдағы уақытта өз жалағасын табады.