Текст
2021 жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында дәстүрлі республикалық «Қамқорлық» акциясы басталды. Акцияның мақсаты - аз қамтылған, көп балалы және қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға әлеуметтік көмек көрсету. Арайлы ауылы орта мектебінің педагогикалық ұжымы мен оқушыларын акцияға белсенді қатысуға шақырады.