"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Б.Соқпақбаев. "Менің атым Қожа" (повесть)

29.01.2023

Мектептің кітапханашысы Л.Ж.Жакенова "оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Ляззат Жунысбековна байқау өткізбес бұрын, Бердібек Соқпақбаевтың повестін оқуға берді. Балалар повесті  оқып болғаннан кейін Ляззат Жунысбековна байқау ұйымдастырды. "Менің атым Қожа" — 1957 жылы жазылған, қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі саналатын повесть. Ол орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылған екен.  1963 жылы "Қазақфильм" студиясы осы кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. 60 жыл толуына байланысты, осы кинофильмнен үзіндіні қазақ сыныптары көрсетті. Оқушылар өте жақсы дайындықпен келген. Байқау нәтижесінде 5 "А" сынып оқушылары І орынды иеленді. Сынып жетекшісі А.В.Ирубаева. ІІ орынды 6 "А" сынып оқушылары, сынып жетекшісі А.А.Рзгазиева, ІІ орынды 7 "А" сынып оқушылары. сынып жетекшісі Г.Р.Кикимова. 

Просмотров: 880


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст